Облыс әкімі Ақтоғай ауданы тұрғындарын мерейтоймен құттықтады

Облыс әкімі Ақтоғай ауданы тұрғындарын мерейтоймен құттықтады

Асайын Байханов Ақтоғай - облыстағы ірі аудандардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың құттықтауы Instagram парақшасында жарияланды. 

– Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары! Сіздерді шын жүректен туған аудандарыңыздың 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Ақтоғай ауданы - киелі Ертіс-Баян өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып, жан-жақты дамып келе жатқан мекен. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұйымшыл тұрғындар ауданның ғана емес, тұтастай Тәуелсіз Отанымыздың гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп келеді, – делінген құттықтауда. 

Сонымен қатар, аймақ басшысы құрсағы алтын құтты өлкенің кең даласы мен тамсандырған табиғаты молшылық екенін атап өтті. 

– Павлодар облысындағы ең ірі аудандардың қатарына жатқызылған Ақтоғайдың әр ауылынан түлеп ұшқан азаматты дарынды тұлға десек, артық айтпаспыз. Қадірлі аудан тұрғындары! Сіздер «Туған жерге Туыңды тік» деген ата-бабаларымыздың нақыл сөзін өмірлік ұстаным еткен ел екендеріңізді сән мәрте дәлелдедіңіздер. Ендеше, 85 жылдық мерейтойды бүкіл елдің ортақ қуанышы деп білемін, – деп жазды Асайын Байханов.

Сондай-ақ облыс әкімі ақтоғайлықтардың баршасының отбасыларына амандық пен саулық, шаңырақтарына құт-береке тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)