Павлодарда Толстой көшесінде су құбыры ауыстырылуда

Павлодарда Толстой көшесінде су құбыры ауыстырылуда

Құбырды ауыстыру жұмыстарын ақпан айының соңында аяқтау  жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

– Катаев көшесінен Қамзин көшесіне дейін Толстой көшесінің бойымен 500 мм шаруашылық-ауызсу құбыры ауыстырылуда. Осы аумақтағы су құбырының жоғары апаттылығына байланысты құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада. 

Қаржыландыру инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. 

Су беру тоқтатылған жоқ. ⠀