Ораза: Павлодарда аузы берік жолаушыларға арналған акция өтеді

Ораза: Павлодарда аузы берік жолаушыларға арналған акция өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайырымдылық шарасы трамвайларда ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Игі бастаманы Павлодар трамвай басқармасының ұжымы қолға алып отыр. Акция барысында трамвай ішінде жолаушыларға су ұсынылып, мерекеліп көңіл-күй сыйлау жоспарланған.

Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды Назарбаев даңғылы бойымен жүретін трамвайларда күтеді.

Шара Иса Байзақов атындағы филармония аялдамасынан бастау алады. 

— Акция  аузы берік жолаушыларға ауызашар уақыты кірген кезде қолдау көрсету мақсатында өткізілуде, – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік, игі бастама бүгін яғни 13 наурыз күні сағат 16:00-де басталады.