Павлодарда оқу басылымдарының гигиеналық стандарттары түсіндірілді
Оқу басылымдары олардың бірыңғай мемлекеттік стандарттарға және осы гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы сынақ актісімен шығарылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қалалық санэпидбақылау басқармасының мәліметінше, бір оқу басылымының салмағы 1-4-сынып оқушылары үшін – 300 грамм, 5-6 сыныптар үшін – 400 г, 7-9-сыныптар үшін – 500 г, 10-11(12)-сыныптар үшін 600 граммнан аспайды.
Бұл ретте, оқу басылымының салмағын 10 пайыздан аспайтындай арттыруға жол беріледі.
– Оқу басылымдарын шығару үшін пайдаланылатын полиграфиялық материалдарда үлгілік ерітіндіге ауысатын формальдегидтің мөлшері 0,1 мг/л-ден аспауға жол берілмейді. Оқу басылымдарын шығаруға арналған қағаз баспа мәтінінің жақсы көрінуін қамтамасыз етеді. 70-80 пайыз шағылыстыруы бар ақ немесе сәл сарғыш түсті қағаз қолданылады, – деді басқармада.
Оқу басылымдарында ақпараттың бұрмалануына немесе жоғалуына, оқылу және оқу жағдайларының нашарлауына әкелетін, басып шығарылмаған (кескін элементтерінің жоғалуы), түсірілген сия, сиямен бітеліп қалған жерлер, дақтар, сызаттар, басып шығарудағы қос басылған элементтер, таңбалардың анық емес штрихтары бар мәтінді басып шығару сияқты кемшіліктерге жол берілмейді.