Павлодар 250-ден астам адам бейімдеу орталығына қамалған

Полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзудың 188, көші-қон заңнамасын бұзудың 163, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішудің 76 фактісі анықталған, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасаған 17 азамат және мас күйінде көлік жүргізгені үшін 10 жүргізуші ұсталды.
– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Бұдан басқа, 253 адам уақытша ұстау және бейімдеу орталығына қамалды, – деді департаментте.
Мысалы, қалалық үйлердің бірінің ауласында алкоголь ішкен екі жас ұсталған. Көшеде ішімдік ішкені үшін құқық бұзушылар айыппұл түрінде жауапқа тартылған.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары азаматтардың тыныш демалысын, тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет атқарады.