Павлодар ауданында шегірткелерге қарсы мониторинг жүргізілді
Шегіртке зиянкестерімен күрес ҚР Үкіметінің қолдауымен белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Досжанов Павлодар ауданында үйір шегірткелерге қарсы күрес бойынша іс-шараларды өткізуге қатысты мониторинг жүргізді.
Химиялық өңдеу барысымен танысты, сондай-ақ өңдеу мерзімдері бойынша нұсқаулар берілді. Қолданылатын пестицидтердің көлемі мен сапасы, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуы тексерілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне және олардың уақтылы іске асырылуына бақылауды күшейту қажеттігі туралы қорытындылар жасалды.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылы елімізде үйір шегірткелердің таралуы 2,5 миллион гектар аумақты қамтиды деп болжануда, ең көп таралу аймағы Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарына тиесілі.