Павлодар облысында антикорлықтар инфрақұрылым саласын талдауда
Жол салу, жөндеу саласын да назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарын салу және жөндеу, инфрақұрылым саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.
– Талдау шеңберінде автомобиль жолдары саласындағы жергілікті атқарушы органдардың негізгі функцияларын іске асыру зерделенетін болады, – деп жазылған хабарламада.
Талдауды өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
Айта кету керек, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.
Егер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе аталған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, dmdgs_pavlodar@mail.ru электрондық поштасына жіберуге, 8771 305 30 43 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша хабарласуға немесе Қамзин к-сі, 37 мекенжайы бойынша «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша келуге болады.