Екібастұзға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі келеді
Өңір тұрғындары оған өз сұрақтарын қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Екібастұз қаласында бұрын жоспарланған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың кездесуі Павлодар облысы жұртшылығымен және үкіметтік емес ұйымдарымен өтпек. Бұл туралы облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы хабарлады.
Министрмен кездесу 28 шілде Екібастұз қаласы М.Әуезов көшесі, 55/1 Естай атындағы балалар музыка мектебінің акт залында өтеді. Айта кетерлігі, Зүлфия Сүлейменованың облыс жұртшылығымен кездесуі Павлодар облысы әкімдігінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн көруге болады.
Қала тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндігі бар. Айтылатын өтініштер назардан тыс қалмайды.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі сағат 10:30-12:00 жеке қабылдау өткізіп, 14:00-16:00 жұртшылықпен кездесу жоспарлануда.
Министрмен жүздесуге жазылу үшін 8(708) 132 78 66, 8(777) 347 12 56, 8(702)1661661, 66-39-25 телефон номерлері арқылы хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова шілде айының басында облыс тұрғындарымен кездесуге келу керек болатын. Бірақ та кездесу кейінге шегерілді.