Павлодар облысы балабақша тәрбиеленушілерінің кадрлық әлеуеті арттырылуда
Өңірде бұл мақсат үшін арнайы пилоттық жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру, педагогтардың жүктемесін азайту, педагогтардың жалақысын көтеру мақсатында «Өсу нүктелері» Құзыреттілік орталығы», «Мектепке дейінгі ұйымдар тобында бір күн ішінде екі педагог» пилоттық жобасы енгізілді.
Павлодар облысында екі балабақша жобаға қатысты: Павлодар қаласының №96 балабақшасы-«Радуга» үйлесімді даму орталығы, Ақсу қаласының «Айналайын» балабақшасы.
Басқарма, білім беру бөлімдері мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін, оның ішінде «Тәрбие алаңы» жобалық офисі жанынан педагог-психологтарды тарта отырып семинарлар өткізуде.
- 2022 жылдың басында «Мектепке дейінгі ұйым педагогының кәсіби қызметінің құқықтық және этикалық нормалары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді. 2022 жылдың мамыр айында облыстың балабақша басшыларына «Баланың балабақшада психологиялық жайлылығын құру» тақырыбында семинар өткізілді, - дейді білім беру басқармасы өкілдері.
2022 жылдың қазан айында облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары үшін «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге олардың жауапкершілігі мен саналы көзқарасын күшейту үшін педагогтардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында логикалық ойлауды дамытуға, балалардың ерте дарындылығын ашуға бағытталған робототехника кабинеттерін ашу, инновациялық дамыту технологияларын, STEM-білім беруді енгізу жұмыстары жүргізілуде.
- Алты сәбилер бақшасында робототехника кабинеттері жұмыс істейді, тағы алты сәбилер бақшасында STEM-білім беру элементтері пайдаланылады. Екібастұз қаласының №27, Павлодар қаласының №6, №57 балабақшасында «Mega Intellectum» кабинеттері ашылды. Қазіргі уақытта Вilimkids білім беру платформасына облыстың 33 мектепке дейінгі ұйымы қосылған, - деп хабарлайды педагогтар.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 21 Рухани жаңғыру кабинеті жұмыс істейді. Облыста инновациялық даму режимінде жұмыс істейтін 20 балабақша жұмыс істейді.
2022 жылы «Балабақшаларды жаңарту» жобасына сәйкес Павлодар қаласы № 5, 16, 50, 82, 42 балабақшасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірленді. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз болуы мақсатында білім беру басқармасы тиісті жағдайлар жасайды.
- Барлық білім беру объектілерінде дабыл түймелері орнатылған, - деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасы өкілдері. – Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 2022 жылы 798 сыртқы, 767 ішкі бейнекамера орнатылды.
2021 жылы дабыл түймелері 130 білім беру объектісінде, 2022 жылы 29 объектісінде орнатылды. Барлық қалада орналасқан балабақшаларда мамандандырылған күзетпен келісім-шарт жасалды. 40 балабақша Жедел басқару орталығына қосылған.
Фото: Константин Шелков