Павлодарлық оқушы Құрмет грамотасымен марапатталды

Павлодарлық оқушы Құрмет грамотасымен марапатталды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Математика және физика бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 18-21 наурызында Астана қаласында математика және физика олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептердің 9-11 (12) сыныптарының 320-дан астам оқушысы қатысты.

– Білім додасында Павлодар облысынан 13 оқушы бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәнінен қалалық Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Нариман Әбішев «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды, – деді қалалық білім беру бөлімінде.

Айта кетейік, Нариман 2023 жылы өткен республикалық Президенттік олимпиаданың жеңімпазы және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде оқуға білім беру грантының иегері атанған.