Павлодарда машина жасау ойындары өтті
Өңірлік машина жасау колледжінің студенттері және ERG Service компаниясынан келген тәлімгерлері интеллектуалдық квиз ойындарына қатысу үшін бас қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қатысушылар студенттер, оқытушылар мен тәлімгерлер енген командаларға бөлінді. Мұндай формат командалық рухты қалыптастырып, болашақтағы жақсы қарым-қатынастың негізін қалады.
- Көптеген жылдар бойы «ERG Service» ЖШС қызықты мастер-класс, ойындар, кезедсулер өткізіп келеді. Бұл ұжымды біріктіріп, кәсіпорынымызға деген жастардың көзқарасын жақсартады. Балалар компания туралы жақсы біледі, кейбір қызметкерлерімен таныс, тәжірибе алуға ынтамен келеді, кейіннен бізге асыға жұмысқа тұрады, - дейді машина жасау колледжі басшысының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Иманқұлова. – Түлектеріміздің 40%-ы – ERG Service қызметкерлері.
Қатысушылар кітап, фильмдер мен өмірлік тәжірибесінен алынған білімдерін салыстырды. Соңғы жайт кездесудің шешуші факторына айналды. Квиз тәлімгерлер үшін студенттерге болашақ кәсіптері туралы кіріспе мәліметтерді жеткізуге тамаша мүмкіндік берді. Жастар тәжірибелі мамандардан құнды кеңестер мен ұсынымдар алып, оларды оқу барысы мен болашақ кәсіби мансаптарында пайдалануға мүмкіндік алды.
- Кәсіптік бағыттаудың мұндай форматы өте пайдалы әрі тиімді, - дейді «ERG Service» ЖШС операциялық тиімділік қызметінің процесс инженері Александр Коновальчук. – Интеллектуалдық ойын команданы жұмылдырып, субординация шекараларын жояды, өйткені достық атмосферада сұрақ қою, бізге – кәсіпорын туралы ақпаратты жеткізу жеңілдейді.
Сауалдардың әр алуандығы мен оларды қызу талқылау қатысушылардың барлығын бір істің айналасында шоғырлануына жол ашып, машина жасау колледжі мен «ERG Service» ЖШС арасындағы әріптестіктің жарқын нышанына айналды. Бұл жастардың болашақ кәсіби тәуекелдерге әзір болуына және білімін көкжиектерін кеңейтуге септігін тигізеді.
Фото: Константин Шелков
Жарнамалық материал