Ақсуда вандалдар қоғамдық дәретхананы қиратып кетті

Ақсуда вандалдар қоғамдық дәретхананы қиратып кетті

Бұзақылар саябақтағы қоғамдық дәретхананың ішін тас-талқан еткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Су ағатын кран мен қол жуатын шұңғылшаны кірпішпен сындырған,  баспалдақты алып кеткен. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Дәретхананы жауып тастау  керек, – дейді видеоның авторы.  

Қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағындағы қоғамдық дәретханада вандализм 5 маусым күні орын алған. 

Ақсу қаласының әкімдігі қаланың инфрақұрылымын абаттандыруды бағалауға және оған ұқыпты қарауға шақырады.  

–  Қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер Ақсу қаласының өркендеуі мен дамуы үшін күнделікті жұмыстар жүргізуде. Өкінішке орай, арамызда оны бағаламайтын адамдар болғаны өте өкінішті. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден қалалық мүлік объектілеріне мұқият қарауды сұраймыз, – дейді әкімдікте. 

Өткен жылы Ақсу қаласында абаттандыру және қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін екі қоғамдық дәретхана орнатылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақсу қаласының әкімдігі (@aqsuakimdigi)