Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Фото: Константин Шелков

Ол ақпарат және қоғамдық келісім, дін істері және цифрлық технологиялар басқармаларына жетекшілік етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Президентінің Жарлығымен облыс әкімдері аппараттарының басшылары мемлекеттік саяси қызметшілер қатарына кіреді. Сондықтан Дидар Ибраев аппарат басшысы болып қайта тағайындалды. Бұл туралы кеңесте өңір басшысы Асайын Байханов мәлім етті.

Дидар Ибраев 1992 жылы Железин ауданында дүниеге келген. 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан 2015 жылға дейін Павлодар облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасында жұмыс істеді. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасында қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. Кейін Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болды. Жаңа тағайындауға дейін сол лауазымды атқарды.

Фото: Константин Шелков