Павлодар облысында ірі тау-кен кәсіпорны тарифтік смета бұзған
Басшылық үш миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 15- тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны сақтауға міндетті.
Алайда «Майқайыңалтын» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу қызметтері бойынша тарифтік сметаның орындалуын талдау барысында жекелеген шығын баптары бойынша бекітілген сметада көзделген мөлшерлерден бес пайыздан астам ауытқулар анықталды. Олардың жалпы сомасы 1 миллион 234 мың теңгені құрады.
Осы бұзушылықтарға байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Майқайыңалтын» АҚ-на қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғап, қысқартылған тәртіппен айыппұл салды. Нәтижесінде 3,4 миллион теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл төленіп, мемлекеттік бюджет кірісіне аударылды.