20 тамызда Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Облыс бойынша температура түнде +12...+ 17°C, күндіз +22...+27°C болады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Павлодарда түнде + 12...+14°C, күндіз +23...+ 25°C, айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.