4 қарашада Павлодар облысында түн салқын болады
Жел оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс аумағында түнгі уақытта ауа температурасы -1…-6 градус аралығында болады. Күндіз ауа +3…+8 градусқа дейін жылынады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеп, күндіз +5 градусқа дейін жылынады. Күндіз ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды.