Павлодар облысында қылмыс жасаған Қырғызстан азаматы елден шығарылды

Павлодар облысында қылмыс жасаған Қырғызстан азаматы елден шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық сотында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматын елдің шегінен тыс шығару туралы азаматтық іс қаралды.

Іс бойынша, ер адам Қырғызстан Республикасының азаматы бола тұра, біздің мемлекетіміздің аумағында тұрып, еліміздің заңнамасын бұзғаны, атап айтқанда, адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасап, ҚР Конституциясы мен заңнамасын бұзғаны анықталды. 

Істі қарау кезінде ер адамның 2022 жылы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және оның Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі жоқ екенін анықтады.

Сот шетел азаматтың кәмелетке толмаған балаларының Қазақстан Республикасының аумағында тұруына байланысты арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы қарсылықтарын ескермеді. Бұрынғы жұбайының сөзінше, ол балаларға көмектеспей, тәрбиесіне қатыспаған. 

– Сот жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Павлодар қаласы полиция басқармасының Қырғызстан Республикасының азаматын Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығару туралы арызын қанағаттандырды, оның шығу мерзімін белгіледі,– деді Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметінде. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.