Павлодар облысында 100 мыңнан астам оқушы жазғы демалысын тиімді өткізуде

Павлодар облысында 100 мыңнан астам оқушы жазғы демалысын тиімді өткізуде
Фото ашық дереккөзден

Мектеп базасында 40 мыңнан астам оқушыны қамтитын лагерьлер мен алаңдар жұмысын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 108 мыңнан астам оқушы жазғы демалысын тиімді пайдаланды. 2023 жылы жазғы жұмыспен қамту 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 98,4% құрады.

- Мектеп базасында 40 мыңнан астам оқушыны қамтитын 326 мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдардың жұмыстары ұйымдастырылды. Орта және жоғары буын оқушылары үшін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының базасында жалпы саны 55 мыңға жуық оқушыны қамтитын 424 бейіндік лагерьлер мен түрлі бағыттағы жасақтар жұмыс істеді, - делінген хабарламада.

Айта кетелік, облыста 12 қала сыртындағы балалар лагері бар. Оның ішінде мемлекеттік – 9, жеке меншік – 3.