Павлодар облысында алқаптарды суару үшін электр және сумен жабдықтау желілері салынады
Бұл алқаптарды суландыру үшін керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Дәнекер» шаруа қожалығы» ЖШС ауданы 5000 га алқаптарды суару үшін электр және сумен жабдықтаудың алаңішілік желілерін салу жөніндегі қызметті жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2023 жылғы 29 тамыздағы Бірыңғай экологиялық порталда «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады. Пікірлер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіне дейін.
Пікірлер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаментінің ecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), телефон +7(7182) 532354 қабылдайды.