Павлодарда электр қуаты уақытша өшірілетін көшелер белгілі болды
Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың бірқатар тұрғын үйі мен басқа да нысандарында жарық болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қазанда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты сөндіріледі:
- Жағалау көшесі, 5, 5/1, 7, 7/1;
- Луговая, Береговая және Жағалау көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер.
8:30-дан 20:00-ге дейін:
- Луговая, Береговая және Жағалау көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер.
9:00-ден 17:00-ге дейін:
- Алтай, Литвинов, Таллин және Заслонов көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлер;
- Алтай көшесі, 41;
- Литвинов көшесі, 1/3, 1/6, 14/1, 30;
- Целинная, С. Нұрмағамбетов, Минин және Литвинов көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлер.