Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан жол трассасы жабылды
Астана-Ерейментау-Шідерті бағытымен жүргізушілер өте алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша 109 қызметінің хабарлауынша, сағат 12:30-дан бастап Ақмола облысында күн райының күрт нашарлап кетуіне байланысты Астана-Ерейментау-Шідерті республикалық маңызы бар автожол учаскесі жабылады. Бұл шектеу барлық көлік түрлеріне арналады.