Ертіс ауданының оқушылары ТЖ туындағанда қалай әрекет ету керектігін үйренді

Ертіс ауданының оқушылары ТЖ туындағанда қалай әрекет ету керектігін үйренді
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Арнайы іс-шараға қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Ертіс ауылының «Алмалы бақ» стадионында аудан мектептерінің «Жас құтқарушы» клубтарының слеті өтті.

Барлығы 8 команда, 80 оқушы қатысты. 

Жарыстың негізгі мақсаты мен міндеті – төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру болып табылады, – делінген хабарламада.

Слет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Білім беру бөлімі, Мәдениет бөлімі, Жастар бастамаларын дамыту орталығы, «Аманат» партиясы филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.