Павлодар облысында биылғы тамыздың ауа райы 2009 жылмен ұқсас болады

Павлодар облысында биылғы тамыздың ауа райы 2009 жылмен ұқсас болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Тамыз айында өңірде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден асып, 40 миллиметрден көп жауын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мамандарының болжауынша, ай бойы қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай жиі болып тұрады. Желдің екпіні жиі 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ауа температурасына келсек, синоптиктер тамыз айының орташа көрсеткіші +17,7…+19,6 градус шамасында болады деп отыр – бұл климаттық нормадан аса ауытқымайды.

Ай басында түнгі температура +14…+19 градустан +9…+14-ке дейін, ал күндізгі ауа температурасы +26…+31-ден +21…+26 градусқа дейін өзгереді.

10 тамыздан кейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін: түнде +5…+10 градусқа, күндіз +15…+20 градусқа дейін түседі. Артынша қайта жылынып, түнде +12…+17, күндіз +24…+29 градус болады.

Ай ортасында түнгі температура +7…+12-ден +13…+18 градусқа дейін, ал күндіз +19…+24-тен +25…+30 градусқа дейін көтеріледі.

Тамыздың соңында, яғни жаздың соңғы күндерінде ауа райы сәл салқындайды: түнде +8…+13, күндіз +20…+25 градус болады деп күтілуде.