«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: «Дәрігер» пойыз. Құрт ауруынан қауіп бар ма?
@Pavlodarnews.kz «Saryarqa samaly» газетінің 15 маусым, бейсенбілік нөмірінде жарық көретін материалдарға аңдатпа ұсынады.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысына келіп жетті. Алдымен аймағымыздағы Шақат станциясына ат басын тіреген пойыз бір апта бойы теміржол станцияларының бойындағы елді мекен тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсететін болады. Ауылдықтар білікті дәрігерлерге тегін тексеріліп, флюорография, электрокардиография, УДЗ сынды зерттеулерден өте алады.
Екі ай бұрын Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінің балаларына туберкулез ауруын анықтауға арналған медициналық сынама жасалған. Үш күннен соң оларды тексерген дәрігерлер бәрі ойдағыдай екенін айтқан. Алайда, арада бір жарым ай уақыт өткеннен кейін мамандар бірқатар жасөспірімнің ата-анасына хабарласып, балаларының тубвиражды екенін жеткізеді. Неге? Бұл жөнінде толығырақ газетімізден оқып білесіздер.
Соңғы кезде қаз бен үйректің балапанын өсіріп, қысқы азығын қамдайтындар қатары көбейген. Солардың бірі - құс шаруашылығынан құт тапқан жеке кәсіпкер Владимир Рей. Бүгінде ол Мичурин ауылдық округіне қарасты Үміт апа ауылында өз кәсібін дөңгелетіп, балапандарды сату арқылы мол табыс тауып отыр. Осы саланың қыры мен сыры туралы білгіңіз келсе, бейсенбілік нөмірді жіберіп алмаңыз.
Басылымның бейсенбілік нөмірінен, сондай-ақ, көптен бері көрінбей кеткен ұлағатты ұстаз, тіл жанашыры Алтын Бақраденовамен болған сұхбатты, шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан күрес жұмыстары жайлы, әуежайда қорланған қасиетті қара домбыра мәселесі, балабақшаға жолдама алу тәртібі және басқа да қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен қызықты мақалалар жарық көрді. Көз жазып қалмаңыз!