Павлодар облысында демалыс күндері жетпістен астам құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысында демалыс күндері жетпістен астам құқық бұзушылық анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Судағы қауіпсіздік рейдтері кезінде қырыққа жуық адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері өңірдің су айдындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында ауқымды рейдтік іс-шаралар өтті.

Рейдтерге прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдар, білім басқармасы және еріктілер қатысты.

Профилактикалық жұмыстар барысында тоғыз мыңнан астам адамға, оның ішінде мыңнан астам балаға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.

Рейд қорытындысында 71 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 35 азаматқа ескерту жасалды.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып, профилактикалық жұмыстардың жалғасатынын хабарлады.