Павлодарда мүгедектігі бар балаларға бір реттік әлеуметтік төлемақы беріледі
Төлемақы көлемі – 8 625 теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хабарлауынша, мереке қарсаңында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 8 625 теңге көлемінде жаңа жылдық тәтті сыйлықтар үшін бір реттік әлеуметтік төлемақы беріледі.
– Төлемдер жеке шотыңызға автоматты түрде түседі, сондықтан ешкімге хабарласудың қажеті жоқ, – дейді бөлімде.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі 1845 бала бар.
Қосымша ақпаратты Кривенко көшесі, 25 «Open Pavlodar» фронт-офисі мекенжайы бойынша (19 үстел) алуға болады.