Жоғалған павлодарлық азаматты еріктілер екі аптадан кейін тапты

Жоғалған павлодарлық азаматты еріктілер екі аптадан кейін тапты

Өкінішке орай, ер адам көз жұмған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жариялады.

52 жастағы Виталий Рыбалкин 21 қаңтарда Ломов көшесі, 184 мекенжайынан белгісіз бағытта шығып кеткен. Ер адамның денесі бүгін табылды.

Оны іздеумен туыстары, «VITA» іздеу жасағы мен полицейлер айналысты.

Фото: ашық дереккөздерден