Павлодар облысында су тарифіне байланысты жария тыңдау өтеді

Павлодар облысында су тарифіне байланысты жария тыңдау өтеді
Константин Шелковтың фотосы

Тұтынушыларға су тарату желілері арқылы су беру қызметінің жаңа тарифі қаралатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

2025 жылдың 7 тамызында Павлодар облысы, Павлодар ауылында «Ertis SU PVL» МКМ-ның су беру қызметі бойынша тариф жобасын талқылауға арналған жария тыңдау өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті ұйымдастырады.

Жария тыңдау сағат 11:00-де, Павлодар облысы, Павлодар ауылындағы Мәңгілік Ел көшесі, 4 әкімдік ғимаратында өтеді. 

Тыңдау барысында тұтынушыларға су тарату желілері арқылы су беру қызметінің жаңа тарифі қаралатын болады, – деді шара ұйымдастырушылары. – Жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және барлық мүдделі азаматтар шақырылады.

Іс-шара Департаменттің Facebook желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562. 

Қосымша ақпаратты  8 (7182) 61-59-55  байланыс нөмірі арқылы алуға болады.