Павлодар облысында кондитерлік өнімдерді өткізушіге қатысты тергеп-тексеру жүргізілуде

Павлодар облысында кондитерлік өнімдерді өткізушіге қатысты тергеп-тексеру жүргізілуде
Фото: pixabay.com/HomeMaker

Компания қызметінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кеміту баға белгілеу белгілері анықталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша «KVD Казакстан» ЖШС-ға қатысты тергеуге бастамашылық жасады.

–  Кондитерлік өнімдерді өткізуге арналған тең шарттарға әртүрлі бағалар мен шарттар қолданылған. Мұндай фактілер монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын көрсетуі мүмкін, – деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін монополияға қарсы орган «KVD Казакстан» ЖШС мекенжайына анықталған бұзушылық белгілерін өз еркімен жою туралы хабарлама жолдаған. Алайда, хабарлама орындалмаған және    тергеп-тексеруді бастауға негіз болған. 

Департамент жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде компанияның іс-әрекеттеріне, оның ішінде-жеткізу шарттарын саралау үшін объективті негізделген себептердің болуы немесе болмауы тұрғысынан құқықтық баға береді.