Павлодар облысында маңызды автожол учаскелері жаңартылып жатыр
Жұмыстар «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автомобиль жолының бірқатар учаскесінде жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның мәлімдеуінше,
Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» жолының 67,9 шақырымында жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Жөндеу жұмыстары жолдың 56,6–78,7, 91,8–94,4, 105,8–126,5, 132,5–137, 154,9–170 және 218–221 шақырымдары аралығында жүргізілуде. Жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы 67,9 шақырымды құрайды.
– Жоба аясында бірқатар жұмыстар орындалды. Атап айтқанда, 10,8 шақырымда асфальтбетон жамылғысы жонылып, 29,3 шақырым жол негізі суық жону әдісімен нығайтылды. Сонымен қатар, 64 мың шаршы метр аумақта жол жиектері күшейтіліп, 38 шақырымға асфальтбетон жамылғысы төселді, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жолдағы орташа жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.