Павлодар облысында мұз өткелдеріне тексеру жүргізілді

Павлодар облысында мұз өткелдеріне тексеру жүргізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде төрт мұз өткелі жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Олар Аққулы ауданының Ямышев ауылында, сондай-ақ Тереңкөл ауданының Тереңкөл, Береговое және Песчаное елді мекендерінде орналасқан. 

ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Зерттеу барысында ауа райы жағдайлары, өткел орнын таңдау, мұздың қалыңдығы және қар жамылғысының жағдайы ескерілді. 

Мұз өткелдерін зерттеу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Өткелдердің негізгі міндеттері: қауіпсіз өтуді ұйымдастыру және мұздың жай-күйін тұрақты бақылау.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық өткелдердің құтқару құрал-саймандарымен жабдықталғаны, қажетті жол және ескерту белгілерімен және үнемі қардан тазартылатыны анықталды.

Павлодар облысы ТЖД еске салады: су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз және арнайы жабдықталған өткелдердің шекарасынан тыс мұзға шықпаңыз.