Павлодар облысында орташа өрт қауіптілігі туындауда

Павлодар облысында орташа өрт қауіптілігі туындауда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Отты абайсыз қолдану апатты салдарға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, өрт қауіпті кезеңде өрт қауіптілігін бағалау күн сайын метеорологиялық деректер негізінде есептеледі.

Өрт қаупінің 5 класы бар:

  • 1 класс – ешқандай қауіп жоқ;
  • 2 класс – шағын өрт қаупі;
  • 3 класс – орташа өрт қаупі;
  • 4 класс – жоғары өрт қаупі;
  • 5 класс – төтенше өрт қаупі.

– Облыста ауа райы температурасы 17-19 градус нөлден жоғары, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Өңірде өрт қаупінің үшінші класы анықталды, – дейді баспасөз қызметі.

Резерват тұрғындардың абайсыздығы көптеген адамдардың өліміне, сондай-ақ орманның жойылуына әкелуі мүмкін екендігін ескертеді.

Маңызды телефон нөмірлері:

  • Орман күзеті: +7(7182)78-77-32, +7(71836)32-2-22, +7(71836)32-2-72, +7(705)601-96-80;
  • Жедел қызметтерді шақырудың бірыңғай нөмірлері: 112, 101.