Павлодар облысында сайлаушылардың 10 пайыздан астамы дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында сағат 10:00-дегі дауыс беру көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша осы уақытқа дейін сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 12,31 пайызы өз таңдауын жасаған. Ал Павлодар облысында сайлаушылардың 10,91 пайызы дауыс берді.
Өңірлер арасында дауыс беру көрсеткіші Ақтөбе облысында – 16,49%, Қызылорда облысында – 16,33%, Түркістан облысында – 15,32% болды. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, 6,41 пайызды құрады.
Павлодар облысында дауыс беру жалғасып жатыр.
