Павлодарда орталық көшенің бірі жабылады

Павлодарда орталық көшенің бірі жабылады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жалғасатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 8 мамырда асфальт төсеу жұмыстарына байланысты сағат 08:00-ден 20:00-ге Толстой көшесінен Ломов көшесінің батыс жағына дейін Назарбаев даңғылы учаскесі жабылады (Назарбаев-Ломов және Назарбаев-Ак. Шөкин көшелерінің қиылысын қоса алғанда).

Бөлім қызметкерлері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және маршрутты алдын ала жоспарлауға кеңес береді.