Павлодар облысында шай бағасы өспеген

Биыл қаңтар айында ҚР-да 1,1 мың тонна өңделген кофе мен шай өндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл – 2024 жылғы қаңтарға қарағанда 9,2% - ға аз.
Шайдың басым бөлігі Алматыда шығарылған: 578 тонна — бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,1% - ға артық. Одан кейін Алматы облысы (228 тонна) және Шымкент (227 тонна) тұр. Өңделген кофе мен шайдың қалған көлемі Қарағанды облысында (47 тонна) және Астанада (1 тонна) өндірілді.
Өндірістің жалпы көлемінің жартысынан көбі (55,6%) жасыл және қара шай болды: 602 тонна. Кофе алмастырғыштар, сығындылар, эссенциялар мен концентраттар өндірісі 224 тоннаны, шай немесе мате негізіндегі сығындылар, эссенциялар, концентраттар мен өнімдер — 166 тоннаны, шөптер мен жеміс шайының инфузиясы — 59 тоннаны, кофеинсіз қуырылған кофе мен кофеинсіз кофе 31 тоннаны құрады.
– Өткен жылы секторда шығарылымның төмендеуі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың он екі айында елімізде 17,3 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді. Сонымен қатар, сол кезеңде импорт көлемі 49,4 мың тоннаны құрап, бір жылда 3,1%-ға азайды, – дейді департаментте.
Нәтижесінде өткен жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша жергілікті компаниялар өңделген шай мен кофеге сұраныстың 26% (ішкі нарықта сатуды және экспортты қоса алғанда) қамтамасыз етті, бұл іс жүзінде бір жыл бұрынғы (26,1%) көрсеткішке сәйкес келеді.
Қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша ішкі нарықта сату көлемі 56,1 мың тоннаны құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 7,5% -ға аз.
Шайдың ең жоғары жылдық баға өсімі Ұлытау (10%-ға), Ақтөбе (8% - ға) және Шығыс Қазақстан (7,7%-ға) облыстарында байқалды. Қостанай облысында ең төменгі бағаның өсуі тіркелді: 2,4%. Павлодар облысында бағалар өткен жылдың деңгейінде қалды, ал Қызылорда және Түркістан облыстарында тиісінше 1,2% -ға және 2,9% -ға төмендеді.