Second hand: Павлодарда пайдаланылған шыршаларды қайда тапсыруға болады?
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Шырша жануарларға көмектеседі!» табиғатты қорғау шарасы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғындары бұл акцияға 15-31 қаңтар аралығында қатыса алады.
– Пайдаланылған шыршалардың бұтақтары мен инелері «Ертіс өзенінің жайылмасы» қорығындағы жабайы жануарларға жем мен төсеніш ретінде пайдаланылады. Ал ағаштың діңгегі «Дом приют Надежд» баспанасын жылыту үшін отын ретінде жаратылады, – дейді ұйымдастырушылар.
Шыршаларды мына мекенжайларға әкеліп тапсыруға болады:
- «Квазар» сауда үйінің алдындағы шырша базары;
- Қамзин – Ломов көшелерінің қиылысындағы «Дөңгелек жөндеу» аумағы;
- Ворушин көшесі, 92 мекенжайы бойынша орналасқан қалалық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі (сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін).