Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық қандай деңгейде?

Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық қандай деңгейде?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аудандарда су өткізу құбырлары орнатылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2026 жылғы су тасқыны кезеңі қарсаңында елді мекендерді су басу қаупін азайту мақсатында Павлодар облысында облыс әкімінің «инженерлік жұмыстар жоспары» және «кешенді іс-шаралар жоспары» қаулысымен әзірленіп, бекітілді.

Іс-шараларды іске асыру төрт кезеңге бөлінеді: жаз, күз, қыс-көктем және көктем кезеңдері.

Бүгінгі таңда инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде аумақтар мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін ықтимал су тасқынынан қорғауға бағытталған 22 жоспарланған іс-шараның 13-і орындалды.

Мәселен, Ертіс ауданында Селеті – Қызылағаш аудандық маңызы бар 13 км. автожолға су өткізу құбырлары орнатылды. Осыған ұқсас жұмыстар Май ауданында орындалды: құбырлар Жаңатілек ауылына және Баскөл ауылына кірме жолға орнатылды. Екібастұз ауданында Ак. Марғұлан ауылының айналасында қорғаныш үйіндісін нығайту және арық жүйесін жайластыру жұмыстары жүргізілді. Павлодар қаласы Кенжекөл ауылында және Павлодар ауданы Жамбыл ауылында жер үйінділері нығайтылды. 

Инженерлік шаралар көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар тәуекелдерін азайтуға, халықты қорғауға және инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Барлық жауапты ведомстволардың уақтылы дайындығы мен үйлесімді өзара іс-қимылы су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болып қала береді.