Ақсу зауытында үш қызметкерді күйік шалды

Ақсу зауытында үш қызметкерді күйік шалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыстағы жарақат алу фактісі бойынша тергеу ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс барысында үш қызметкерді күйік шалды. Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаториялық емдеуде.

Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Компания қызметкерлерге қажетті көмекті көрсетіп жатыр.