Павлодарда студенттерге есірткінің қауіптілігі түсіндірілді
Монтаждау колледжінде өткен семинарда жастарға есірткі қылмысының жауапкершілігі туралы айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кездесу жастарды есірткі қылмысына тарту тәуекелдерін азайту және тыйым салынған заттарды қолданудың салдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында студенттерге есірткіге қарсы заңнаманың талаптары, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтау, тарату, қолдану және жарнамалау, соның ішінде интернет пен мессенджерлер арқылы тарату үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «жасырын орындарға қалдыру» тәсілі арқылы есірткі таратқаны үшін ұсталған жастарға қатысты нақты мысалдар келтірілді.
– Бүгін біз студенттермен ашық диалог өткізіп, оларды заңсыз есірткі айналымына қатысудың қауіптері мен салдары туралы ескерттік. Біздің міндетіміз – оңай табыс табуға ұмтылу ауыр қылмыстық жауапкершілікке және тағдырдың бұзылуына әкелуі мүмкін екенін жеткізу, – деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Ирина Тимиргалиева.
Полиция өкілдерінің айтуынша, жастар арасында мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.