Павлодар облысында осы апта боранды болады
Сынап бағанасы нөл градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 5 наурызда облыстың солтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде -7...-12°С, ал күндіз -2...-7°С болады.
6, 7, 8 наурыз күндері қар жауып, бұрқасын болады деп болжануда. Сынап бағанасы түнде -7...-12°С-ты көрсетсе, күндіз 0...-5°С болады.
Сенбіде сынап бағанасы түнде -5...-10°С, ал күндіз 0...-5°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метрге дейін соғады.
Жексенбіде түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, боран, көктайғақ болады. Түнде -2...-7°С, ал күндіз -3...+2°С-қа дейін жылынады.