Павлодарлық оқушылар кітап оқып, ноутбук ұта алады
Белгіленген кітаптардың тізімі құрастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімі үш кезеңнен тұратын және оқуды ынталандыруға бағытталған «BOOK BATTLE 2.0» байқауын қайта жариялайды.
– Жоба – жас кітап сүйер қауым арасындағы арасында үлкен қызығушылық тудырды,– делінген хабарламада.
Бірінші кезең қатысушыларына 31 шілдеге дейін белгілі бір тізім бойынша ұнаған бір кітапты оқу ұсынылады. Қатысуға өтінімдер 5 шілдеге дейін келесі сілтеме арқылы қабылданады:
Екінші кезеңде қатысушылар «буктрейлер» жасауы керек. «Буктрейлер» – бұл кітап туралы көркем түрде баяндайтын қысқа бейне. Яғни, кітаптың өзіндік жарнамасы жасалады. Қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде бейнелерді орналастырып, @bilim_pavlodar парақшасын белгілеп, сипаттамаға #bookbattle20 хэштегін қосу керек.
12-31 тамыз күндері өтетін үшінші кезеңде REDx форматында монолог жасау қажет. Байқауға 2-10 сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушылар арасында бес ноутбук ойнатылады.