Зауыттан Миландық Fashion Week-ке: павлодарлық ару әлемдік сән әлемін бағындырды

Зауыттан Миландық Fashion Week-ке: павлодарлық ару әлемдік сән әлемін бағындырды
Фото: Анастасия Истомина

Ол еңбек жолын зауытта оқшаулаушы болып бастаған, ал бүгінде халықаралық деңгейдегі визажист атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Анастасия Истомина қарапайым зауыт жұмысшысынан сұлулық индустриясының маманына дейінгі жолды жүріп өтті. Бұрынғы жұмысы – құбырларды шыны мақтамен орау болса, бүгінде бәрі өзгерді.

Павлодарлық ару 2014 жылы бала күтімі бойынша демалыс кезінде сұлулық саласына келді. Білімі бойынша ол – жылу энергетигі, екі техникалық дипломы бар. 

– Мен Ақсу қаласында туып өстім. Декреттік демалыста макияж жасап үйреніп, үйде қызмет көрсете бастадым. Балам екі жасқа толғанда Павлодардағы салондардың біріне жұмысқа шақырту алдым. Дәл сол кезеңде ұлымның аутизм диагнозы туралы білдім.  Бұл менің өмірімдегі бетбұрыс сәт болды. Қолымда бала, жанымда ешкім жоқ, таңдауым да болмады. Бір анығы - табыс табуым және баланы дамытуды мақсат еттім, – дейді Анастасия.

Осы кезден бастап Анастасия белсенді дамуға кірісті: әлеуметтік желілер жүргізді, өзін танытты және білімін жетілдірді. Бір жылдан соң небәрі 30 шаршы метрлік жерде алғашқы студиясын ашты. Сол сәтте алғаш рет Қазақстандық Fashion Week-ке сән көрсетіліміне қатысты.

– Сол кезде мен биік шыңдарды бағындырғым келетінімді түсіндім. Еуропаға шығу мақсатын екі жыл бұрын саналы түрде қойдым. Миландағы Fashion Week-ке қатысқаным – жай ғана жетістік емес. Өзіме алға жүрсең, шекара жоқ екенін дәлілдедім. Бұл басқа деңгей – әр деталь ойластырылған, жылдамдық жоғары және мықты командалар. Макияж – үлкен өнердің бір бөлігі, – дейді визажист.

Анастасияның мақсаты– Еуропаға шығу еді және ол оған қол жеткізді.

Биыл наурызда Миланда Fashion Vibes атты жаһандық диалог өтті. Бұл – сәнді, өнерді және перформансты біріктірген ауқымды шара. Қаланың жүрегінде, тарихи сәулет аясында көрермендер Luxe Living, Moran Tubul және басқа дизайнерлердің жарқын коллекцияларын тамашалады. Ашылу салтанаты балерина Анита Фреццато мен композитор Тато Двалиге сеніп тапсырылды, Модельдер көрермендер арасынан шығып, музыка мен жарық біртұтас көркем ағынға айналды.

Сахна сыртында жұмыс істеген кәсіби мамандардың қатарында павлодарлық визажист Анастасия Истомина да болды. Ол модельдерді подиумға дайындап, индустрияның жетекші шеберлерімен бірге еңбек етті. Макияж мұнда үлкен өнердің элементі ретінде қабылданды. Анастасия үшін Fashion Vibes Milano-ға қатысу – Еуропалық деңгейге шыққанын дәлелдеді.

– Сән көрсетілімінде «менің» немесе «сенің» жұмысың деген ұғым жоқ. Барлығы командалық еңбек, әркімнің өз міндеті бар. Бір модель шықса немесе бір фото жасалса – бұл бүкіл команданың нәтижесі, – дейді визажист.

Анастасия қазақстандық эстрада жұлдыздарымен де жұмыс істеді. Олардың арасында Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Луина, Назима және басқалар бар. Сонымен қатар ол еуропалық журналдар үшін түсірілімдерге қатысып, жұмыстары мұқабаларға шықты.

Анастасия жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Оның жоспарында – Еуропада әрі қарай даму, халықаралық Fashion Week-терге қатысу, әлемдік брендтермен ынтымақтастық және инфлюенсер ретінде жеке брендін нығайту бар. Негізгі мақсаттардың қатарында кәсіби маман ретінде даму үшін еуропалық деңдейде даму міндеті де тұр.

Тәжірибелі визажист атап өткендей, әлемдік деңгейдегі модельдермен жұмыс пен көпшілікке арналған көрсетілімдермен қатар, қарапайым қыздардың құндылығы өзгермейді Ол – қайталанбас сұлулық.

Анастасияның еңбек жолы – павлодарлықтардың әлемдік сән индустриясын бағындыруының жалғыз мысалы емес. Жуырда джаз барабаншысы Арман Смайыл модельдік салаға бет бұрды. Жігітті Bacca Models Kazakhstan агенттігі байқап, көп ұзамай ол халықаралық IMG Models Paris агенттігімен келісімшартқа отырды.