Павлодар облысында вейптерді заңсыз сатқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды
Олар онлайн-дүкен арқылы үш автокөлік сатып алып, 400 миллион теңге табыс тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады
Өнімдерді өткізу Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу тәсілімен жүзеге асырылған.
Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.
Вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған. Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алынған 3 автокөлікке («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») тыйым салынды.
Төрт күдікті қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.