Павлодар облысында ғасыр жасаған кейуана жеке куәлігін алды
Ол - Ертіс ауылының тұрғыны Евдокия Безрукова, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері дайын құжатты жеке тапсыру үшін 100 жасқа толған Евдокия Безрукованың үйіне арнайы барды. Құрметті жасына байланысты әйелге ХҚКО-ға өз бетінше бару қиын болғандықтан, тәртіп сақшылары құжаттарды рәсімдеуді көшпелі түрде ұйымдастырды.
Тәртіп сақшылары мерейтой иесін құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
- Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметтер көрсету және қарт азаматтарды қолдау жұмыстары аясында жүргізілуде. Үлкен буын өкілдеріне қамқорлық жасау – қызметтің маңызды бағыттардың бірі екенін полицейлер атап өтті, – дейді облыстық көші-қон полициясының аға инспекторы Бақыт Ермекпаева.
Өз кезегінде құжат иесі көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.