Сенбі Павлодар облысында жел соғады

Сенбі Павлодар облысында жел соғады

Қазгидромет 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

- 20 мамырда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады, - деді Қазгидрометте.

Облыста ауа температурасы күндіз +21 +23 °C болмақ.