Павлодардағы жағалауда пианино пайда болды

Павлодардағы жағалауда пианино пайда болды

Музыкалық аспап «Ertis promenade» сахнасына орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Ержан Иманзайыпов өзінің Instagram парақшасында павлодарлықтар мен қала қонақтарын осындай жаңалықпен қуантты.

- Қаланың орталық жағалауында пианино орнатылды. Қала тұрғындарынан музыкалық аспапқа күтіп қарауын сұраймын, - деп жазды қала әкімі.

Айта кетейік, Ертіс жағалауына пианино орнатуды «Больше чем пианино» мектебінің өкілі ұсынған болатын. Осындай бастамасын павлодарлық азамат әкімнің қабылдауы кезінде айтқан болатын. Қала әкімі бұл ұсынысты қолдады.

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, пианиноны жағалауды полицейлер күзететін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov