Павлодар облысында қысқы дөңгелектері ауыстырылмаған 40 шақты көлік анықталды

Павлодар облысында қысқы дөңгелектері ауыстырылмаған 40 шақты көлік анықталды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Шиналар жылдың маусымына сәйкес келмегені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті бұған дейін автокөлік жүргізушілеріне ауа райының өзгеруіне байланысты жолдардағы қауіп туралы ескертті. 

Қыс мезгілінің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады. Жылдың осы уақытында өте мұқият және қырағы болу керек. Жолдағы жағдай күтпеген жерден өзгергенде апатты болдырмауға көмектесетін жылдамдық режимін, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды. Өте қырағы болуларыңызды сұраймыз, – деді департаментте. 

Полицейлер жазғы резеңкеде протектордың биіктігі кемінде –1,6 миллиметр, ал қыста 4 миллиметр болуы керек екенін атап өтті. Егер барлық маусымдық шиналарда тиісті белгілер болса, онда қыста олармен жүруге болады. 

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары нормативтік құжатқа сәйкес қысқы кезең желтоқсан, қаңтар және ақпан айлары екенін еске салады.  

1 желтоқсаннан бастап полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзғаны үшін тоқтаған кезде резеңкенің сәйкестігін тексереді. Қазірдің өзінде 37 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Мысалы, Екібастұзда Абай көшесімен «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі жазғы резеңкемен жүрді. Ақтоғайда «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі де резеңкені жаздан қысқы түріне ауыстырып үлгермеді. Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, – деп хабарлады ведомствода.

ҚР ӘҚБтК-нің «Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» 620-бабы бойынша ескерту немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.