Павлодар облысында қоршаған ортаны қорғауға қанша қаржы жұмсалды?
Өңір шығарындыларды төмендетуге қаражат жұмсау бойынша екінші орында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстанда 2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға барлығы 343 миллиард теңге жұмсалды, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызғаға көп. Бұл – кәсіпорындар ластаушы заттардың алдын алуға, азайтуға немесе жоюға бағытталған технологиялар мен жабдықтардың жұмысын қолдайтын қаражат.
Еnergyprom.kz сарапшыларының есептеулері бойынша Атырау, Павлодар және Ақтөбе облыстарының шығындары бойынша үштікке кіреді. Солтүстік-шығыс өңірде қоршаған ортаны қорғауға он миллион доллардан астам – 49,8 миллиард теңге қаражат жұмсалған.
Осы уақытта елімізде ластаушы заттар шығарындыларының стационарлық көздерінің саны бір жылда 227,6 мыңнан 233,8 мыңға дейін өсті. Қоршаған ортаны қорғау шығындарының басым бөлігі, яғни, шамамен 82 пайызы өңдеу және тау-кен өнеркәсібіне тиесілі.