Павлодарда кітап көрмесі ашылды

Павлодарда кітап көрмесі ашылды
Фото: Ertis музейінен

Ол - ақын, демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Ақын есімі-ел есінде» атты кітап көрмесі «Ertis» музейінде ашылды.  

- Ақын, демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп осы көрмені ұйымдастырдық. Көрмеге Торайғыров кітапханасы қорының барлық кітаптары ұсынылды. Бұл ақынның шығармалары, поэзия жинақтары, романдар, сондай-ақ әйгілі ақын туралы айтылатын кітаптар оның ішінде энциклопедиялар, оқу құралдары бар. Бұдан бөлек, зерттеушілердің ақын өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми еңбектері де бар, - дейді ұйымдастырушылар. 

Көрмеге кітапхана өкілі Гүлбаршын Жайсанғалиева мен Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары  қатысып, ақынның «Туған жерім», «Бір баланың тілегі»,  «Ораза» және «Шығамын, тірі болсам, адам болып» атты  туындыларын оқып, «Туған жерім-Қазақстаным» әнін орындады.