Павлодар облысында әдіскер өрт болған үйден жарымжан жанды алып шықты
Оқыс жағдай Тереңкөл ауданының Ивановка ауылында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуірде сағат 16:57-де № 8 ӨСБ-нің байланыс пунктіне үйдің жанғаны туралы хабарлама түскен.
– Александр Шинкаренко жұмыста болған кезде түтінді көріп қалады. Бірден сол жерге жүгіре жөнеліп, үйдің жанып жатқанын көреді. Туыстарының айтуынша, үйде үшінші топтағы мүгедек адам бар екенін білген, – дейді департаментте.
Бұдан кейін ол үйдің есігі жабық болғандықтан терезені қаға бастайды, алайда ешкім жауап бермеген. Үйдің ішін қалың түтін басқан. Әрі қарай көше жақтағы терезені сындырып, дауыстап шақыра бастағанда ғана дауысты естіген.
Дереу көп ойланбастан терезенің шынысын сындырып, үйдің ішінен мүмкіндігі шектеулі адамды терезе арқылы сыртқа шығарып, туыстарына тапсырған.
Александр Шинкаренко Ивановка ауылының мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге екі қыз тәрбиелеп отыр.